Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі Студенттік Парламенттің
2022 - 2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Мақсаты:
Студент жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында тиісті жұмыстарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
- Жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- Жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;
- Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру болып табылады;
- Ерекше әлуметтік-демографиялық топ ретінде жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін тану;
- Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- Жастардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру;
- Жастардың проблемаларын шешудегі жүйелілік пен кешенділік;
- Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға жастардың тікелей қатысуы;
- Студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметіне әрекеттесу;
- Өзге оқу орындарының студенттерімен және жастар ұйымдарымен ортақ студенттік қоғам құру;
- Студент жастардың қоғамдық жұмыстараға белсене араласуына әрекет ету;
- Талантты жастарға қолдау көрсету;
- Колледждегі тәрбиелік шараларды өткізуге белсенді ат салысу;
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің
Студенттік Парламенттің 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Жоспарланған нәтиже |
ҚЫРКҮЙЕК |
||||
1. |
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты салтанатты шара |
Тәрбие бөлімі, Студенттік парламент |
01.09.2022 ж |
1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты шараны өткізу. |
2. |
Студенттік Парламент мүшелерінің жиналысы |
Студенттік Парламент |
Қыркүйек айының 1 онкүндігі |
Студенттік парламент мүшелерін Жастар ісі комитетінің жаңа жетекшісі Ж.Ж.Хамзамен таныстыру. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына жаңадан серпін беру, белсенділердің басын біріктіру. |
3. |
Бірінші курс студенттерін колледж студенттерінің міндеттерімен, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен таныстыру және кездесу өткізу. Жатақхана студенттеріне жатақхана ережелері мен тәртібін таныстыру, түсіндіру. |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қыркүйек айының 2 онкүндігі |
Бірінші курс студенттеріне колледж және жатақхана ережелірін таныстыру, құқық бұзушылықтың алдын-алу. Жаңа оқу жылына дарынды студенттерді анықтап, оларды белсенді студенттер қатарына шақыру, пайдалы кеңестермен ақпараттандыру. |
4. |
Студент жастардың «Елбасы медалі», «ҚР Алтын жастары», «ҚР колледждерінің ТОП-100 студент» жобаларына қатысуға жағдай жасау |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Жыл бойы |
Студент жастардың белсенділігін арттыру, қалалық, облыстық, Республикалық сайыстарға іріктеу, белсенді студенттердің басын құрап, топ жасақтау. |
5. |
«Бақыттың басы – Отбасы» атты «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарымен басқосу |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қыркүйек айының 3 онкүндігі |
Отанымыздағы Отбасы күніне орай, отбасы құндылықтарын дәріптеу. «Отбасы мықты болса, Отан мықты» деген ұғымды жас ұрпақтың санасына сіңіру. |
6. |
«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» атты колледжішілік көшпелі тәрбие шарасы |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қыркүйек айының 3 онкүндігі |
Студенттерге сәлемдесу әдебін түсіндіріп, тәртіп сақтауға шақыру. Колледжінің ішкі тәртібі мен ережелерімен таныстыру. |
7. |
«Ахмет Байтұрсынұлы-хас қайраткер!» атты тарихшы ғалымдармен кездесу |
Студенттік Парламент |
Қыркүйек айының 3 онкүндігі |
А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай колледжінің белсенді студенттеріне А.Байтұрсынұлының қайраткерлік қырымен кеңінен таныстырып, Ұлы тұлғаны үлгі тұту. |
8. |
Қала күні мерекесіне орай тарихи-танымдық шара өткізу |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Кыркүйек айының 3 онкүндігі |
Қала күнін атап өтуге атсалысу. Студенттерді Орал қаласының көрікті және тарихи жерлерімен таныстыру |
9. |
Мұғалімдер мерекесіне арналған «Ұстаздарды ұлықтау парызымыз!» атты мәдени шара |
Студенттік Парламент |
Кыркүйек айының 3 онкүндігі |
Мұғалім мамандығын дәріптеу және мерекені жоғарғы дәрежеде атап өту |
ҚАЗАН |
||||
10. |
«Қазан айы-қайырымдылық айы!» атты қайырымдылық айлығы |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қазан айы бойына |
Қайырымдылық айлығы аясында қамкөңіл қарияларға көбірек көңіл бөліп, қолұшын беру. Олардың отбасындағы жұмыстарына қолғабыс жасау. |
11. |
«Сыбайлас жемқорлық – сенің жауың!» атты колледжішілік дебат ұйымдастыру |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қазан айының 2 онкүндігінде |
Дебат барысында студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлықпен күресте жас буынның ұсыныстарына құлақ асу. |
12. |
«Дәуірде ізі қалған тұлғалар» атты буккросинг айлығына қатысу |
Студенттік Парламент |
Қазан айының 2 онкүндігінде |
Студенттердің сүйіп оқыған кітаптарын өзгелерге насихаттау, кітап оқуға шақыру, Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығанашолу |
13. |
Студенттер арасында «Сенің жұлдызды сәтің» жобасын өткізу. |
Студенттік Парламент |
Қазан айының 2 онкүндігінде |
Студент жастардың белсенділігін арттыру, қалалық, облыстық, Республикалық сайыстарға іріктеу, команда жасақтау. |
14. |
«Ж.Досмұхамедов – Күнбатыс Алашорданың көшбасшысы!» тақырыбында көшбасшылық сағатын өткізу. |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қазан айының 3 онкүндігінде |
Ж.Досмұхамедұлының туғанына 135 жыл толуына орай колледжінің белсенді студенттеріне көсемнің қайраткерлік қырымен кеңінен таныстырып, Ұлы тұлғаны үлгі тұту.Студенттік парламент мүшелерімен топ басшыларының көшбасшылық қабілетін дамыту. |
15. |
«ЕГЕМЕН ЕЛІМ-МАҚТАНЫШЫМ МЕНІҢ!» атты «Республика күні» мерекесіне арналған мәдени шара |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қазан айының 2 онкүндігінде |
ҚР Президентінің пәрменімен биылғы жылдан бастап қайтадан оралған 25 қазан – Республика күні мерекесінің мән-маңызын кеңінен түсіндіру. |
ҚАРАША |
||||
16. |
«Саяси таңдау – сенің тағдырың!» атты саясаттанушылармен кездесу өткізу |
Студенттік Парламент |
Қараша айының 2 онкүндігінде |
Кезектен тыс Президент сайлауының маңызын студенттерге кеңінен түсіндіру. Студенттерді саяси таңдау жасауға шақыру. |
17. |
«Оқуға құштар оқу орны» атты арнайы іс-шара. |
Студенттік Парламент |
Қараша айының 2 онкүндігі |
«Оқуға құштар колледж» тұжырмдамасы аясында сауалнама, тестлеу жүргізу. Студенттердің оқырмандық қызығушылықтарын арттыру. |
18. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастыру. |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қараша айының 2 онкүндігінде |
Студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлықты қалыптастыру. |
19 |
БҚО ДСБ мен ЖИТС орталығының мамандарымен, колледж медбикесімен кездесу ұйымдастыру. |
Студенттік Парламент |
Қараша айының 2 онкүндігінде |
Жат қылықтардан, денсаулыққа қатер төндіретін зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, ақпарат беру және алдын алу шараларын ұйымдастыру. |
20 |
1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау шарасы |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қараша айының 2 онкүндігінде |
Бірінші курс студенттерін салтанатты түрде «Студенттік қатарға қабылдау» шарасын ұйымдастыру. Колледж тарихымен таныстыру. |
ЖЕЛТОҚСАН |
||||
21. |
«Ғасыр індеті» атты ақ халатты абзал жандармен жүздесу |
Студенттік Парламент |
1 желтоқсан |
1 желтоқсан – Дүние жүзілік ЖИТС қарсы күрес күні. Студент жастарды жат қылықтардан, денсаулыққа қатер төндіретін зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, ақпарат беру және алдын алу шараларын ұйымдастыру. |
22. |
«Сыбайлас жемқорлық – сенің жауың» атты Антикор мамандарымен кездесу шарасын өткізу |
Студенттік Парламент |
9 желтоқсан |
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай, студенттердің санасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырып, мүлдем төзбеушілік қағидатын сіңіру. |
23. |
«Тәу етер Тәуелсіздік!» Тәуелсіздік күні құрбандарына тағзым ету шарасы |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
16 желтоқсан |
Еліміздің азаттығы жолында құрбан болған Ұлы тұлғаларды ұлықтап, олардың рухына тағзым ету. Жас ұрпаққа бабалардың аманатын жеткізіп, еліміздің азаттығын сақтаудағы азаматтық парызын сезіндіру. |
24. |
«Ескі жылдың есебі» атты Студенттік парламент жұмысының қорытынды отырысы |
Студенттік Парламент |
Желтоқсан айының 3 онкүндігі |
2022 жылы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, келесі жылға жұмыс жоспарын жасақтау. |
25 |
«Жаңа жыл, жарылқа!» атты мерекелік шара |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
30 желтоқсан |
Жаңа жылдық мерекелік шара ұйымдастыру. |
ҚАҢТАР |
||||
26. |
«Сауатты ұрпақ - ұлтты сақтайды» атты ғалым, оқытушылармен отырыс. |
Студенттік Парламент |
5 қаңтар |
5 қаңтар – Халықаралық сауаттылық күні. Сауаттылық күніне орай, студенттерді сауаттылыққа шақырып, парасаттылыққа үндеу. |
27. |
«Ықпалды парламентті ынтымақпен сайлайық!» атты саясаттанушылармен кездесу |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Қаңтар айының 2 онкүндігі |
ҚР Парламенті мәжілісі мен әр деңгейдегі маслихат депутаттарының сайлауы туралы студенттерге сауатты түсінік беру. |
28. |
«Оқуға құштар оқу орны» атты арнайы іс-шара. |
Студенттік Парламент |
Қаңтар айының 2 онкүндігі |
«Оқуға құштар колледж» тұжырмдамасы аясында сауалнама, тестілеу жүргізу. Студенттердің оқырмандық қызығушылықтарын арттыру. |
29. |
«Парасатты адам – қоғамға пайда!» тақырыбында дөңгелек үстел. |
Студенттік Парламент |
Қаңтар айының 2 онкүндігі |
Парасаттылық мектебінің мүшелерімен кездесулер өткізу. Өзін – өзі дамытуға бағдар беру, парасаттылық мектебінің жұмысын жандандыру. |
АҚПАН |
||||
30. |
«Қатерлі ісік - қауіпті сырқат» атты дәрігерлермен дөңгелек үстел |
Студенттік Парламент |
Ақпан айының 2 онкүндігінде |
4 ақпан – Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай жылма-жыл жасарып келе жатырған обыр ауруы туралы жастарды ақпараттандырып, студенттерді сырқаттан сақтандыру. |
31. |
«Қысқы спортты қолдаймыз!» атты спорттық шара. |
Студенттік Парламент |
Ақпан айының 2 онкүндігінде |
Хан тоғайына шаңғымен серуенге шығып, шаңғышылар шеруін ұйымдастыру |
32. |
Студенттер арасында «Ойлан тап!» ойындарын ұйымдастыру. |
Студенттік Парламент |
Ақпан айының 2 онкүндігінде |
Студенттерді бірлікке шақыру, белсенділіктерін арттыру, білім-біліктерін дамыту. |
33. |
«Development Day» атты студенттердің даму күнін ұйымдастыру. |
Студенттік Парламент |
Ақпан айының 2 онкүндігінде |
Студенттермен сұрақ – жауап алмасу. Семинарлар өткізу. Дебат ұйымдастыру. |
НАУРЫЗ |
||||
34. |
«Алғыс айтамын!» атты алғыс айту шарасы |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
1 наурыз |
1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған колледжішілік арнайы шара ұйымдастыру. |
35. |
«Әлемнің мәні әйелде!» атты мерекелік концерт |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
8 наурыз |
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт. Колледждің нәзік жанды ұстаздары мен аруларына мерекелік көңіл күй сыйлау. |
36. |
«Көрісу күні» атты көрісу дәстүрін кеңінен дәріптеу |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
14 наурыз |
Көрісу дәстүрін колледж жастары асасында кеңінен насихаттап, жастардың арасында бір-біріне деген бауырмалдықтарын арттыру |
37. |
«Төрлет, төл жаңа жыл!» концерттік шара |
Студенттік Парламент |
22 наурыз |
Наурыз мейрамына орай концерттік шара ұйымдастыру |
СӘУІР |
||||
38. |
«Өз құқығыңды біл», «Құқық бұзушылыққа жол жоқ!» тақырыбында тәртіп сақшыларымен кездесу |
Студенттік Парламент |
Сәуір айының 2 онкүндігінде |
Студенттерге өз құқықтарын білуге үйрету және құқық бұзушылыққа жол бермеу. |
39. |
Студенттер арасында «Менің қолымнан бәрі келеді» челленджін ұйымдастыру. |
Студенттік Парламент |
Сәуір айының 2 онкүндігінде |
Студенттерді белсенділікке тарту және жеке қабылеттерін анықтау. |
40. |
«Қала тазалығы біздің қолымызда» жалпы қалалық сенбілік |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Сәуір айының 2 онкүндігі |
Жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысу. |
41. |
«Топтың үздік оқырманы» , «Колледждің үздік оқырманы» конкурстарын өткізу. |
Студенттік Парламент |
Сәуір айының 2 онкүндігі |
Жастардың кітап оқуға ынтасын арттыру.Оқырман студенттерді ынталандыру. |
МАМЫР |
||||
42. |
«Бірлігі бекем елдің, тірлігі көркем!» |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
1 мамыр |
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін атап өтіп, жастарды бірлікке шақыру шараларын өткізу. |
43. |
«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
9 мамыр |
Ұлы Жеңістің 78 жылдығын кеңінен атап өтіп, майдангерлердің ерлігін студенттерге дәріптеу. ҰОС және тыл ардагерлерімен кездесу өткізу. |
44. |
«Таза сессия» акциясы |
Тәрбие бөлімі, Студенттік Парламент |
Мамыр айының 2 онкүндігі |
Оқу жылы аяқталар қарсаңында студенттерді сыбайластықтан сақтандырып, жомқорлыққа жол бермеуге үндеу. |
45 |
«Жазғы демалысты дұрыс өткіземіз!» атты жастар жиналысы |
Студенттік Парламент |
Мамыр айының 3 онкүндігі |
Студенттерді «Студенттік құрылыс жасақтарына» және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында жұмыс жасауға жұмылдырып, еңбекке баулу. |
Жастар ісі комитетінің жетекшісі: Ж.Ж.Хамза