27 қазан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» кафедрасы мен колледждің кәсіби машық бөлім жанындағы ашылған тәжірибелі әдіскерлер мектебімен бірге ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламасы мазмұнындағы өзгерістер мен жаңалықтар» атты тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинарға келген әдіскерлер, директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев, кафедра оқытушылары, осы мамандықтағы екінші, үшінші және төртінші курс білім алушылары қатысты.
Семинар бағдарламасы бойынша басында қатысушылармен кафедра оқытушысы Хамбетова Айгерім Мейрбекқызы көңіл күйді көтеру тренингін өткізді. Әрі қарай алғы сөзді директордың өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С. Мұқашев алды. Сөзінде колледждің кәсіби машық бөлім жанындағы ашылған тәжірибелі әдіскерлер мектебі туралы айтып, бүгінгі шараның мазмұнымен, маңызын ашты. Келесіде
«Батыс қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының орал қаласы білім беру бөлімінің № 34 «Балбұлақ» бөбекжайының меңгерушісі Айткалиева Асем Мақсотқызы және әдіскері Елешова Алмаш Исламбековна «мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бағдарламасы мазмұнындағы өзгерістер мен жаңалықтар» тақырыбындағы баяндамасымен сөз сөйледі.
Қатысушылар әдіскерлерге жаңа өзгерістері мен алған ақпараттар бойынша сұрақтарын қойды. Әрі қарай биылғы 2022 жылының мамыр айында өткен WORLDSKILLS ОRAL жеңімпаздары – Данова Сандуғаш І дәрежелі диплом алтын медаль, Кұрманбаева Аяулым ІІ дәрежелі диплом, күміс медаль алған білім алушылары өздерінің тәжірибесімен, соның ішінде сабақ үзіндісі, жоба, ойындар үлгілерімен, бөлісті.
Семинардың аяғында өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары М.С.Мұқашев колледж әкімшілігінің атынан келген баяндамашыларды «Алғыс хатпен» малапаттап, өз алғысын білдірді. Сондай-ақ бүгінгі шарадан алған әсерлерімен кафедра оқытушылары мен қатысушы студенттері бөлісті.