22 қазан күні Ж.Досмұханбетов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1-пКШК 11 тобында “Бірлігіміз жарасқан Қазақстан” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Студенттердің өз Отанын сүюге , Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.
Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге баулу, халықтар достығын насихаттау. Ашық сабақ барысында Қазақстан Республикасының 30 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне шолу жасалды. Студенттеріміз ақындардың шығармаларынан Республика күніне арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кері байланыс арқылы сұрақ-жауап жүргізілді.Шара соныңда білім алушылар Е.Зейіпханның “Көк тудың желбірегені” әнін шырқады.