Мамыр айының алтыншы жұлдызы 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне арналған “Өлкенің тарихи тұлғалары” жобасы бойынша Мәншүк Маметова мен Хиуаз Доспанованың 100 жылдық мерейтойларына орай тарихи-танымдық Ерлік эстафетасының бағдарламасы аясында Ж. Молдағалиев атындағы әмбебап кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен М. Маметова алаңында “Батыстың батыр қыздары” атты шара өтті.
Шараға Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 4 а КШК тобының студенттері топ жетекшісі Алтынай Жауарбекқызымен бірге қатысты. Шараның шымылдығын БҚО мәдениет басқармасы басышысының орынбасары Қ. Мұханғалиев ашты. ҚР Мәдениет қайраткері, мәдениет саласының ардагері С. Танабаева Х. Доспанова туралы тың деректер баяндады. Ұ М. Өтемісов атындағы БҚУ-нің доценті, тарих ғылымының кандидаты Б. Боранбаева лы Отан соғысы жылдарындағы қазақ қыз-келіншектерінің ерен ерліктері жөнінде тарихи мол мағлұматтар берді. Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын, талантты журналист, тележүргізуші М. Балмолда М.Мәметова ерлік көрсеткен өлкеге тағзым еткені жөнінде және батыр ана Хиуазбен кездескендегі қызықты сұхбатымен бөлісті. Батыр қыздарымыздың ескерткіші жанында «Шолпан» бөбекжайының тәрбиеленушілері және «Шабыт» орталығының жасөспірімдері өнер көрсетті. Әнші М. Оразов патриоттық әнімен шараны тәмамдады.
Шара мазмұнды әрі мәнді болғандықтан, топ студенттерінің есінде мәңгі сақталатыны анық.