22 Сәуір күні Ақын Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығын тамашалауға 2асКШТ-9 топпен бардық. Орталықта Қадыр Мырза Әлінің мұражайы, кітапханасы бар. Мұражай сөресінен Ақ Жайық өңірінен шыққан қаламгерлердің Қажым Жұмалиев, Қасым Аманжолов, Тайыр Жароков, Сағынғали Сейітов, Хамза Есенжанов т.б. ақын-жазушылардың еңбектерімен, өмірбаяндарымен, тұтынған бұйымдарымен танысуға болады. Қадыр Мырза Әлінің жеке кітапхана қорындағы 7 мыңнан астам кітаптың 6767-сі бар, Ақын Қадыр Мырза Әлге тиесілі болған заттар, қымбат мұра ретінде орталықтың мұражайына қойылған.
Осы орталықта мұражайдан бөлек Қадыр Мырза Әлінің мемориалдық кабинеті бар, онда жазу үстелі, орындығы және басқа да өзі пайдаланған дүниелері қойылған. Ақынның үйін өз көзімізбен көргендей әсер алдық.