28.04.2022 ж. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік-ел тілегі» атты мерекелік кеш өткізілді.
Кештің мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін студенттерге жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін студенттердің бойына сіңіру.