22 сәуір күні Жаһанша атындағы педагогикалық колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі сыныптарға арналған «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербулинг мәселесі» тақырыбында педагогикалық сыныптармен онлайн мотивациялық дәріс сағаты өтті.
Бәйтерек ауданы Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Сырым ауданы, Бұлдырты ЖОББМ, Ақсай қаласы №1, Теректі ауданы, Федоровка ЖОББ мектептерінің педагогикалық сынып тыңдаушылары мен жетекшілері қатысты. Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев педагогикалық сынып тыңдаушыларына шараның мақсаты білім алушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту; адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті насихаттау; буллинг, кибербуллинг туралы ақпарат беру; қарым-қатынасқа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу бағдарламасы бойынша педагогика, психология кафедрасының оқытушылары Ғалиақпар А.Б., Халимуллина Д.Х., Нурланова Н.Б., сөз алды. Оқытушы Ғалиақпар А.Б «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербулинг мәселесі» тақырыбында ақпарат беріп жасөспірімдердің виртуалды кеңістікте және мектеп, қоршаған ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу және агрессия деңгейін төмендету жолдарын талқылады. Кибербуллингке , буллингке тап болған жағдайда не істеу керек екені және қайдан көмек алуға болатыны туралы, осындай жағдайға тап болған досыңызға қалай көмектесу керек және жеке мәліметтердің айлашарғы жасалуына, әлеуметтік желілерде келемеждеуге қалай тосқауыл қоюға болатыны туралы ұсынымдар берді. Осы өзекті тақырып аясында топтық жұмыстар жүргізіліп,жасөспірімдерге бірқатар кеңестер берілді. Оқытушы Халимуллина Д.М., қарым-қатынас тренингін өткізді. Оқушылар булинг қатысушыларын сипаттап, типтерін талдап, булингке деген көзқарастарын анықтап өз-өздеріне баға берді. Арт-терапия «Жағымды-жағымсыз қарым-қатынасты бейнелеу» жаттығуын орындап салынған суреттердің мағнасын ашып, өз әсерлерімен бөлісті. Педагогикалық сынып тыңдаушылары жүргізілген жұмыс барысында белсенділікпен жауап беріп, жағымды қарым-қатынас орнатуға деген ықыластары байқалды. Шара соңында кафедра оқытушысы Нурланова Н.Б., Google forms арқылы «Достарыңызбен ара - қатынасыңыз қалай?», «Мектептегі жағдайды ата-анаңызға қаншалықты жиі айтасыз?», «Айналаңыздағы адамдардан жиі қолдау күтесіз бе?», «Өзгелердің сөзіне қаншалықты мән бересіз?» т.б. сұрақтары бойынша сауалнама жүргізіп, берілген жауап қорытындылары бойынша сәйкес деңгейлерін анықтады. Педагогикалық сынып тыңдаушылары үшін Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербулинг мәселесі бойынша кері байланыс жасап, шараның қызықты, әсерлі, мағыналы өткенін бағалап, ризашылықтарын білдірді.