Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2021-2022 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 14 сәуір күні Теректі ауданың ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Демек оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу үшін кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілуде.
Шара жоспарына сай педагог мамандығының мәртебесі жөнінде алғы сөз айтылып, колледж базасына бейне экскурсия жүргізілді. Одан әрі Zhahansha book ақпараттық нұсқаулығымен таныстырылды. Сонымен қатар колледжде дайындалатын мамандықтармен, оқуға түсу үшін тапсыратын емтихан түрлерімен, талапкер құжаттар туралы «Қоғамдық пәндер және жаратылыстану» кафедрасының оқытушылары ақпарат берді.