Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының Наурыз мейрамына арналған «Төрлет, әз Наурыз, төріме!» «Наурызнама» тақырыбында тәрбиелік шара болды.
Шараның мақсаты: О.Жәлелдің «Қарекет» кітабынан алынған наурыз мерекесі туралы Мәшһүр Жүсіптің қазақ ортасында бұл мейрамның қалай аталып өтетінін және оның философиялық мағынасы қандай екенін студенттерге түсіндіру, салт-дәстүрімізді насихаттау және ұлттық құндылықтарды шәкірттер бойына дарыту.
Наурызға шашу шашудан басталып, кафедра оқытушылары Мәшһүр Жүсіптің «Наурызнама» шығармасында қазақ ортасында бұл мейрамның қалай аталып өтетінін және оның философиялық мағынасы қандай екеніне егжей-тегжейлі тоқталады.
Сәтімырзаға наурыз қылдырамын деп келген Едіге биді серіктестерімен бірге риза қылып, би Едігенің батасын алғанынан көрініс көрсетілді. Наурызнамаға келген қонақты күтудің сыртында қонақтардың көңілін аулайтын ән мен жыр, күй, әртүрлі өнер жарыстары ерекше сахналанды. Наурызнама шымылдығы күймен ашылып, кеш барысында Әлібекұлы Ақтілек пен Маратов Ернар суырып салма ақындық өнерінің желісі болып табылатын айтыс өнерін көрсетсе, 1-4 курс студенттері ақындар М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, А.Бақтыгереева және т.б. наурыз туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 2апКШИ студенттері кеш көркін ұлттық бимен, « Екі жирен» әнімен қыздырып, көрерменді тәнті етті. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, ықылас білдіріп, ақ ниетпен 2апКШИ тобының студенттері қазақ халқының ежелгі дәстүрі бойынша бата-тілек білдірді. Кеш соңында көрермендер «Пликерс» әдісі арқылы танымдық сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жасап, көрермендерге наурыз көже таратылып, «Наурыз думан» әні орындалды.