Көктемнің шырайлы да, шұғылалы мерекесі қарсаңында студенттер үйінің ер балалары 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қыздарға әсемдік жарасады» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Мақсаты: жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Осы аталмыш мерекеге орай ұлдарымыз өз өнерлері мен туындыларын ортаға салып, әсем ән мен күй орындады.