9 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жатақханасында БҚО Денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырмасы негізінде «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігі «Сенің ойың-сенің өмірің!» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Семинар-тренингке №3 қалалық емхана СӨС мейірбикесі Ұ.Анесова және психолог З.Мүсірова қатысты. Мақсаты кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттің белең алуына орай алдын алу шараларын ұйымдастыру, сонымен қатар коронавирустық инфекциядан сақтану жолдарын түсіндіру.