14.05.2021 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде БҚО білім басқармасы, қалалық білім беру бөлімі, аудандық білім беру бөлімінің басшыларының қатысуымен жұмысқа бөлу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара педагогикалық бағытта бітіруші түлектерді Батыс Қазақстан облыстық білім беру ұйымдарының сұраныстарына сай жұмыс орындарына алдын-ала бөлу мақсатында жоспарланды. Бүгінде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 15 түрлі мамандық даярлайды.
Шараны колледж директоры, п.ғ.д. С.М.Бахишева алғы сөзбен ашып, 2020-2021 жылы оқу жылы бітіретін түлектер туралы мәліметтер беріп, әр аудандық білім беру басшыларымен және кадр бөлімімен сол аудан бойынша бітіретін түлектерді сұраныстар бойынша орналастыру жөнінде сөз қозғады. «Облыстың және басқа да өңірлердің білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылып, қай жерге қандай мамандар қажеттілігі анықталып, мониторинг жүргізілді. Қазіргі таңда облыс бойынша 389 орынға сұраныс анықталды. Осы сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Алдағы уақытта аудан бойынша сұранысқа ие мамандықтарды негізге ала отырып, мектеп түлектеріне жүйелі кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру қажеттілігін ұсынды. Түлектерді алдын-ала жұмыс орындарына бөлу «Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының педагог кадрларға сұранысы» негізінде өткізіледі.