Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде қашықтан «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» спорт байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» спорт байқауы жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып және балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің 16 - 17 жастағы оқушылары арасында өткізіледі.
Байқау ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.
Байқаудың мақсаты:
- 9-11 сынып оқушыларына спорттың әр түрінен өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беріп, спортқа қабілеті бар жеткіншектерді табу.
- балалар бойындағы спортқа деген талпыныстын арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорттың дамуына ат салысу;
- өскелең ұрпаққа жан саулығы байлығын дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық қимыл - қозғалыстың қалыптасуына, физикалық жетілуіне рухани жәрдемдесу;
- ұлтымыздың спорт саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.
2. Байқауды ұйымдастырушылар
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кәсіптік бағдар беру кабинеті. Байқауды ұйымдастырушы әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
3. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
Байқаудың І кезеңі қашықтан 2021 жылғы 5 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді. Байқаудың І кезеңі бойынша жіберілген жұмыстар әділ қазылар мүшелерімен қаралып, ең үздік жұмыстар ІІ кезеңге өткізіледі.
Байқаудың ІІ кезеңі қашықтан 2021 жылдың 14– 25 маусым аралығында өткізіледі.
Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кешіктірілген және ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.
Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
Байқауға қатысушы толтырылған өтінішін (№1 қосымшаға сәйкес) , байқаудың фото, бейнежазба жұмыстарын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жолдайды.
4. Қатысушыларға және байқауға қойылатын талаптар
Ұсынылған жұмыстар ережедегі талаптарға сәйкес болуы керек.
Байқауға қатысу шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады.
Байқаудың І кезеңінде әр қатысушы өзі туралы бейнежазба жібереді.
Бейнежазбада қатысушының толық аты – жөні, сыныбы, мектебі, тұрғылықты мекен –жайы, айналысатын спорт түрінің атауы, қатысқан аудандық, облыстық, республикалық жарыстардыңатауы және жүлделі орындары, мадақтары, дәрежелері (бар болса) туралы баяндалуы қажет.
Бейнежазба үш минуттан аспауы тиіс.
Бейнежазбаға бөгде адамның түсірілуіне тиым салынады!
Байқаудың ІІ кезеңі:
1. Кермеге тартылу (ұлдар) – 8(рет саны)
2. Шалқадан жатып денені көтеру (қыздар) – 40 рет (бір минуттағы рет саны)
3. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру – ұлдар – 2.25, қыздар – 1.80 (см)
4. Алға қарай еңкейіп қолды жерге тигізу – ұлдар – 10 рет, қыздар – 5 рет (см)
5. Отырып, қолды жоғарға көтеріп секіру – ұлдар – 40 рет, қыздар – 20 рет (рет саны)
Ескерту: Бейнежазба Әр спорттық тапсырма аяқталғанға дейін бейнежазба үздіксіз түсірілуі шарт.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
- қатысушының -бейнежазбада сөйлеу шеберлігі, мәдениеті;
-спорттық құралдарда жаттығу жасау шеберлігі;
-спорттық қабілетінің ерекшеліктері;
Сайыскерлердің өнерін білім саласының тәжірибелі, білікті мамандары, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының оқытушылары бағалайды.
5. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде және 1, 2, 3 - орынға ие болған қатысушылар Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжнің 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығына қабылдау шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасына теңестіріледі.
.Белсене қатысқан оқушылар мен жетекшілеріне сертификат табыс етіледі.
Анықтама телефондары:8 (711-2)-24-01-81, 24-01-75
Ұялы телефон: 8775 3007896
8 7059100699
8 7055902399
8 7059021008
1- қосымша
ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ
1 |
Аты-жөні |
|
2 |
Облыс, қала/аудан, ауыл атауы |
|
3 |
Оқитын мектеп атауы, сыныбы |
|
4 |
Байқау атауы |
|
5 |
Байланыс телефоны |
|
6 |
Электрондық поштасы |