Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж
«Speak English» тілдік байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
«Speak English» тілдік байқауы облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Байқау ережелері оның мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.
Байқаудың мақсаты:
-9-11 сынып оқушыларының тілдік әзірлік деңгейін көрсетуге мүмкіндік беріп, тілді жақсы меңгерген оқушыларды табу.
- оқушылар бойындағы ағылшын тілін меңгеруге деген талпынысты арттыру, олардың тілдік қабілеттерінің дамуына қолдау көрсету;
- оқушының бойында тыңдау, оқу ,сөйлеу, жазу дағдысын жетілдіру;
-оқушының тілдік құзыреттілігін қалыптастыру және оған ықпал жасау;
Байқауды ұйымдастырушылар: Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кәсіптік бағдар беру кабинеті. Байқауды ұйымдастырушы әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
Байқаудың І кезеңі қашықтан 2021 жылғы 5 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді.
Байқаудың І кезеңі бойынша жіберілген жұмыстар әділ қазылар мүшелерімен қаралып, ең үздік жұмыстар ІІ кезеңге жіберіледі.
Байқаудың ІІ кезеңі қашықтан 2021 жылдың 14 – 25 маусым аралығында өткізіледі.
Жоғарыда көрсетілген мерзімненкейінтүскен және ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қабылданбайды. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
Байқауға қатысушы толтырылған өтінішін (№1 қосымшаға сәйкес), байқаудың бейнежазба жұмыстарын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жолдайды.
Байқауға қатысу үшін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:
1.Толықтай толтырылған өтініш (№1 қосымша осы ереженің ажыратылмас бөлігі), өтініштер (WORD) форматта және тек қана біздің формада толтырылуы керек.
3. Қатысушылар және байқауға қойылатын талаптар
Ұсынылған жұмыстар байқаудың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес болуы керек.
Байқау төмендегі тапсырмалар бойынша өткізіледі:
- сөйлеу ( Reciting Poems)
- оқу (Video Presentation )
Байқауға қатысу шарттары:
Байқаудың І кезеңінде: Cөйлеу(Reciting Poems) әр талапкер еркін тақырыпта ағылшын тілінде 15-20 жолдан кем емес өлеңді мәнерлеп,жатқа оқиды . Қатысушылардың репертуарында ағылшын,америкалық ақындардың шығармалары болуы тиіс. Шығарма видеода жоғары сапада жазылуы және орындаушының аты-жөні, шығарманың аты көрсетілуі тиіс.
Байқаудың ІІ кезеңі:
I. Оқу (Video Presentation) әр талапкер еркін тақырыпта видеопрезентация әзірлеп,оны ағылшын тілінде ұсынады. Ұзақтығы 8-10 минут.
Презентацияға ұсынылатын үлгі тақырыптар:
1. Job Hunting
2. Modern Technology
3. English World
4. Natural Disasters
5. Mysteries
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
- тілдік әзірлігі;
- айтуы мен интонациясы;
- жеткізу шеберлігі;
- эрудиция мен жан- жақтылығы;
- тақырыптың өзектілігі
Сайыскерлердің жұмыстарын тіл білімі саласының тәжірибелі, білікті мамандары, ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары бағалайды. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстары тиісті талаптарға сай болмаса, жүлделі орындарды бермеуге құқылы.Әр қатысушыдан байқау кезеңдерінде көрсетілген бір жұмыс қана қабылданады.
4. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде және 1, 2, 3- орынға ие болған қатысушылар Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжнің 0111083 «Шетел тілі мұғалімі» мамандығына қабылдау арнайы емтиханның ең жоғарғы бағасына теңестіріледі.
Белсене қатысқан оқушылар мен жетекшілеріне сертификат табыс етіледі. Анықтама телефондары: 8 (7172) 50-64-17, 51-06-81.
Ұялы телефон:8 708 686 24 35 , 8747 985 69 65
1- қосымша
ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ
1 |
Облыс, қала/аудан, ауыл атауы |
|
2 |
Сайыскерлер оқитын мектеп атауы, оқитын сыныбы |
|
3 |
Сайыскердің аты-жөні, әкесінің тегі, cайыскердің жасы |
|
4 |
Байқау номинациясының атауы |
|
5 |
Шығарманың авторы, толық атауы |
|
6 |
Сайыскердің байланыс телефоны |
|
7 |
Сайыскердің электрондық поштасы |