Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі.
«Өнерлі өрен» тақырыбындағы өнер байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
«Өнерлі өрен» өнербайқауыоблыстық, қалалық, аудандық, ауылдық жалпы ортабілім беру ұйымдарының 9-сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Байқау ережелері оның мақсат-міндеттерін және өткізу тәртібін анықтайды.
Байқаудың мақсаты:
- 9-сынып оқушыларына бейнелеу өнері, қолөнер, мүсін өнері бойынша өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беріп, жас таланттарды табу.
- балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету;
- өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу;.
- ұлтымыздың өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау.
- өнерлі жастарды қолдай отырып, колледжде мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытылатын «Көркем еңбек» мамандығы бойынша оқуға шақыру.
Байқауды ұйымдастырушы: Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің кәсіптік бағдар беру бөлімі. Байқауды ұйымдастырушы әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
Байқаудың І кезеңі қашықтан өтеді. 2021 жылғы 4 мамыр – 6 маусым аралығында өтеді.
Байқаудың І кезеңі бойынша жіберілген жұмыстар әділ қазылар мүшелерімен қаралып, ең үздік жұмыстар ІІ кезеңге жіберіледі.
Байқаудың ІІ кезеңі қашықтан 2021 жылдың 15 – 27 маусым аралығында өткізіледі.
Жоғарыда көрсетілген мерзімненкейінтүскен және ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қабылданбайды. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
Байқауға қатысушы толтырылған өтінішін (№1 қосымшаға сәйкес) , байқаудың фото, бейнежазба жұмыстарын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жолдайды.
3. Қатысушылар және байқауға қойылатын талаптар
Ұсынылған жұмыстар байқаудың тақырыбына, мақсат-міндеттеріне сәйкес болуы керек.
Байқауға облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық жалпы ортабілім беру ұйымдарының 9- сынып оқушылары қатыса алады.
Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Бейнелеу өнері (графика, кескіндеме)
- Қолөнер (аппликация, коллаж, кесте, бисер, гобелен т.б.)
- Мүсін (ермексаз, сазбалшық, ағаш, металл, пластмасса т.б.)
Байқауға қатынасу шарттары:
Байқаудың І кезеңінде әр қатысушы еркін тақырыпта номинациялар бойынша өз шеберліктерін көрсете алады. Суреттер А3 немесе А4 форматта, қолөнер бұйымдарын өздері таңдаған техникада орындайды. Сурет салу барысында қарапайым қарындаш, тушь, түрлі - түсті қарындаш, акварель, гуашь бояуларын, қолөнер бұйымдарын жасауда қағаз, мата, былғары, табиғи материалдарды, мүсін жасауда ермексаз, сазбалшық, ағаш, пластмасса т.б. қолдануға болады. Орындаған жұмыстарын жақсы ракурста сапалы фотоға түсіріп жібереді.
Байқаудың ІІ кезеңі:
Байқаудың екінші кезеңінде 3 заттан тұратын натюрмортты А3 форматтағы қағазда графика немесе кескіндеме техникасында орындау.
Жұмыстың орындалу барысынан бейнежазба және толық аяқталған жұмыстың фотсуретін жолдайды.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
- композициялық шешімін дұрыс тауып, орналастыру;
- заттардың пропорциялық ара қатынасын сақтау;
- перспектива заңдылықтарын көрсету;
- натюрмортта көлемді, пішінді, жарық және көлеңкені дұрыс көрсете отырып, түстік – реңдік шешімін табу;
- заттардың материалын көрсету;
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын тәжірибелі, білікті мамандар, технология және бейнелеу өнері кафедрасының оқытушылары бағалайды.
Қатысушы байқауда бірнеше номинацияға қатыса алады. Әр номинацияға қатысушыдан бір жұмыс қана қабылданады.
4. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша әділқазы мүшелері жеңімпаздарды анықтайды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде және 1, 2, 3 - орынға ие болған қатысушылар Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Көркем еңбек» мамандығына қабылдау шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасына теңестіріледі.
Анықтама телефондары: 87053163109, 87771674361,
1- қосымша
ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ
1 |
Аты-жөні |
|
2 |
Облыс, қала/аудан, ауыл атауы |
|
3 |
Оқитын мектеп атауы, сыныбы |
|
4 |
Жетекшісінің аты - жөні |
|
5 |
Байқау атауы |
|
6 |
Байланыс телефоны |
|
7 |
Электрондық поштасы |