Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Парасаттылық мектебінің кезекті «Адалдық сағаты» өтті. Адалдық сағатымыздың қонағы мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы, ҚР парламент мәжілісінің депутаты - @aidos.sarym Сарым Айдос Әміроллаұлы.
Парасаттылық мектебінің негізгі жұмыс бағыты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, дегенмен бүгінгі кейіпкерімізбен сұхбатымыз өте қызық және жан-жақты болды. Парасаттылық ұғымын терең түсінумен қатар, көшбасшылық, болашағыңызды дұрыс қалыптастыру, ата-ананы қадірлеу және де т.б. тақырыптарда сөз қозғалды.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді дана қазақ! Студент жастарды парасаттылыққа тәрбиелеу, білім беру ұйымдарында қызмет атқаратын біз секілді ұстаздардың басты міндеті деп білеміз!
Қолдау білдіріп осылай жастармен кездесуге уақыт тапқан Айдос Әміроллаұлына Жаһаншалықтар атынан зор алғыс білдіреміз!
Құрметті оқырмандар «Адалдық сағатымыздың» бейне жазбасын Жаһанша колледжі You Tube арнасынан көре аласыздар.