1. Жалпы ережелер
«FANTASTIC TALENT» өнербайқауыжалпы ортабілім беретін мектептердің 9-11 сынып және балалар музыка мектептерінің 15-18 жастағы оқушылары арасында өткізіледі.
Байқаудың мақсаты:
-9-11 сынып оқушыларына музыканың түрлі жанрларында өнерлерін көрсетуге мүмкіндік беріп, жас таланттарды табу.
- музыкаға ынтасы бар балалардың қабілеттерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік беріп, болашақ мамандыққа жол ашу.
2. Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
Байқаудың І кезеңі қашықтан 2021 жылғы 5 мамыр – 11 маусым аралығында өтеді.
Байқаудың І кезеңі бойынша жіберілген жұмыстар әділ қазылар мүшелерімен қаралып, ең үздік жұмыстар ІІ кезеңге жіберіледі.
Байқаудың ІІ кезеңі қашықтан 2021 жылдың 14 – 25 маусым аралығында өткізіледі.
Жоғарыда көрсетілген мерзімненкейінтүскен және ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қабылданбайды. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
Байқауға қатысушы толтырылған өтінішін (№1 қосымшаға сәйкес), байқаудың бейнежазба жұмыстарын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жолдайды.
3. Қатысушылар және байқауға қойылатын талаптар
Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
-вокал (жеке дауыста)
-аспаптық жанр (фортепиано, баян, домбыра)
Байқауға қатынасу шарттары:
Байқаудың І кезеңінде әр орындаушы еркін тақырыпта номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсете алады. Қатысушылардың репертуарында оркестр, аспапты немесе өз сүйемелдеуімен, вокалды-аспаптық шығармалар бола алады. Ән фонограммасыз, жанды дауыста орындалуы тиіс. Шығарма бейнеролигі жоғары сапада жазылып, орындаушының аты-жөні, шығарманың аты көрсетілуі тиіс.
1. Домбыра аспабы - таңдау бойынша 1 шығарма;
2. Басқа аспаптар – таңдау бойынша 1 шығарма;
3. Вокал (эстрадалық, академиялық, дәстүрлі ән музыкалық сүйемелдеусіз(акапелла)) - таңдау бойынша 1ән.
Байқауда фонограмма(+) қолдануға тыйым салынады!
Байқаудың ІІ кезеңі:
1. Домбыра-1 күй немесе 1 шығарма;
2. Басқа аспаптар-1 шығарма;
3. Вокал (эстрадалық, академиялық, дәстүрлі ән) номинациясы бойынша жанды дауыста минусттық сүйемелдеумен орындауға мүмкіндік беріледі.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
- ұлттық аспапта ойнау шеберлігі;
- вокалдық ерекшеліктері;
- дәстүрлі әндегі орындаушының мәнерлі, көркем орындауы;
- актерлік шеберлігі;
- сахналық бейне.
4. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде және 1, 2, 3- орынға ие болған қатысушылар Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжнің 0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығына қабылдау шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасына теңестіріледі.
Белсене қатысқан оқушылар мен жетекшілеріне сертификат табыс етіледі.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 50-64-17, 51-06-81.Ұялы телефон: 8 705 186 51 34, 8 707 251 89 84, 8 701 374 08 06
1- қосымша
ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ
1 |
Аты-жөні |
|
2 |
Жасы |
|
3 |
Облыс, қала/аудан, ауыл атауы |
|
4 |
Оқитын мектеп атауы, сыныбы |
|
5 |
Байқау атауы (номинация) |
|
6 |
Орындау бағдарламасы |
|
7 |
Байланыс телефоны |
|
8 |
Электрондық поштасы |