Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 28 сәуір күні Маңғыстау мен Қызылорда облыстарының ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Бұл шара жоспарында Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары М.С.Мукашев шараға қатысқан оқушыларға педагог мамандығының мәртебесі жөнінде алғы сөз сөйлеп, мамандық таңдаудың жауапты іс екенін айтып өтті. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж «Өңірлік колледж» болып табылады. Колледжде Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Ресей Федерациясынан оқып жатқан студенттер жөнінде мәлімдеді. Оларға колледжімізде сапалы білім алуға, сонымен қатар бос уақыттарын ұйымдастыруға, жеке басының дамуына жасалынған жағдайлар туралы баяндады. Оқушыларға колледж базасына бейне экскурсия жүргізілді. Одан әрі практика әдіскері Ж.Ж.Жонкарбаева мен педагог ұйымдастырушы Г.М.Кадралиева талапкерлерге арналған Zhahansha book ақпараттық нұсқаулығымен таныстырып, колледжде дайындалатын мамандықтармен, оған түсу үшін тапсыратын емтихан түрлерімен таныстырып, талапкер тапсыратын құжаттар туралы ақпарат берді. Мектеп оқушылары шара бойынша сұрақтарын қойып, өз ой-пікірлерін білдіріп, үлкен қызығушылық танытты.