28 сәуір күні студенттер үйінде тәрбиеші А.Т.Нугманованың ұйымдастыруымен «Үш тілді білу - заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту болды.