Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен, "Ұстаз деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт.
23.04.2021 жылы колледжімізде дипломалды практиканың қорытындысының нәтижесі ретінде «Болашақ кәсіби маман-2021» байқауы өтті. Байқауға колледжіміздің он мамандығынан студенттер қатысты. Байқауда келесі кезеңдер бойынша өткізілген болатын:
1. «Мамандығымның артықшылығы мен басымдылығы» эссе презентация. (5 минуттық таныстыру). Бұл кезеңде презентация мазмұны, жарнамалау жүйелілігі; сөйлеу мәнері, жеткізу шеберлігі бағаланады.
2.Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану. (панарамалық сабақтан үзінді 7 минут). Бұл кезеңде басшылыққа алынған педагогикалық технологияны көрсетуі, оқу - тәрбие үрдісінде қолданылуы, нәтижеге жетуі бағаланады.
3. Педагогикалық мамандыққа байланысты шағын жоба қорғау. (5 минуттық таныстыру). Шағын жобаның өзектілігі, нәтижелігі, маркетингтік жарнамалау мәдениеті қолдануы бағаланады.
Байқау бағдарламасының әр кезеңіне студенттер шығармашылық тұрғыда жоғары деңгейде дайындалып, өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастырып көрсете білді.
Колледждиректоры, педагогика ғылымдарының докторы Бахишева Светлана Меңдығалиевна қорытынды сөз сөйлеп, байқауда алға озып шыққан студенттерді дипломмен марапаттады.
Байқауда Бас жүлдені «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 3 курс студенті – Жамбылова Нұрбақыт иеленген болса, 1 орынды «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 3курс студенті – Нургалиева Айгерім, 2 орынды «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша 4 курс тобының студенті —Халиуллина Диана мен «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 4 курс студенті Мезрина Виктория, 3 орынды «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша 4 курс студенті – Хибатова Фариза, «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі 3 курс студенті – Мухтарова Сымбат, «Математика мұғалімі» біліктілігі бойынша 4 курс студенті – Жасұланова Меңдіғаным жеңіп алды. Ізденімпаз номинациясын иеленген «Физика мұғалімі» біліктілігі бойынша 4 курс студенті– Байгубенова Айым, Ерекше номинациясын иеленген«Технология пәнінен негізгі орта білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 4 курс студентіБолатова Зарина.
Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздары алдағы мемлекеттік емтихандарынызды сәтті аяқтап, қалаған мамандық иесі болуыңызға тілекшіміз!