16 сәуір күні «Қоғамдық пәндер» кафедрасы Тасқала ауданының Ы.Алтынсарин атындағы, Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ, «Сәулет» мектеп-лицейі, Мереке, Мерей, Достық, Оян ЖОББ мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Шараны кафедра оқытушысы М.К.Дюйсенгалиев алғы сөзбен ашты. Мектеп бітіретін 9-11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүмкіндіктеріне қол жеткізесің. Кафедра оқытушысы А.К.Уразгалиева талапкерлерге арналған Zhahansha book ақпараттық нұсқаулықпен таныстырып, колледжде білім алуға қандай мүмкіндіктер бар екенін айта отырып, дайындалатын мамандықтармен, емтихан түрлеріне тоқталды.