16 сәуір күні колледж психологы Назерке Хамитқызы колледж студенттеріне арналған «Жетістікке жету - өз қолыңда» психологиялық тренингін өткізді. Тренинг мақсаты: студенттердің өзіне деген сенімділігі мен өзін өзі көрсете алу дағдыларын қалыптастыру.
Туындауы мүмкін қиыншылықтар мен проблемаларға қарамастан, мақсат қоя білу, талпыну, мойымау қабілеттеріне бағдарлау мақсатқа алынды. Алдына қойған арман, мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру. Тұлғалық жеке қасиеттерді дамыту, мотивациялау мақсатында сергіту жаттығулары мен серпіліс беретін ойындар жүргізіліп, жетістікке жеткен адам ұстанымдары мен кеңестер ұсынылды. Қатысушылар әр бөлімде белсенділігін көрсетіп, жағымды рефлексиямен тренинг қорытындыланды.