Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес,15 сәуір күні Орал қаласының №41,42,43,44,48,50ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Бүгінгі заман талабы кәсіптік-педагогикалық білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.
Бұл шара жоспарында колледж базасына бейне экскурсия жүргізілді. Мектеп оқушыларына колледждің материалды – техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырымы ұсынылды. Одан әрі оқытушыларталапкерлерге арналған Zhahansha book ақпараттық нұсқаулығымен таныстырып, колледжде дайындалатын мамандықтармен, оған түсу үшін тапсыратын емтихан түрлерімен, талапкер тапсыратын құжаттар туралы ақпарат берді. Мектеп оқушылары өз ойларын, сұрақтарынчатқа жазып, оған жауап алды.