14.04.2021 күні ZOOM платформасында облыс мектептері жанындағы педагогикалық сыныптарға арналған «Зияткерлік мамандық» тақырыбындағы онлайн семинарға Бәйтерек ауданындағы Қ.Аманжолов, Теректі ауданандағы Федоровка, Шыңғырлау ауданындағы Шыңғырлау ЖОББ мектебі және Орал қаласындығы №1 ЖОББМ жанындағы педагогикалық сыныптар қатысты.
Семинарды директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С. Мукашев алғы сөзінде семинардың негізгі мақсаты педагогикалық сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру; оқушылар алдында педагогикалық мамандықтардың мәртебесін насихаттау; колледж базасында мамандар дайындауға жасалынған жағдайлар мен мүмкіндіктер туралы ақпарат беру; оқушыларының педагогикалық мамандықтар құндылықтары туралы көзқарастарын қалыптастыру екендігін таныстырды.
Қай замандада педагогикалық мамандық зияткерлік мамандық болып табылады, өйткені педагогтың бойында терең біліммен қатар рухани адамгершілік, ізгілік, көшбасшылық қасиеттер басым болуы қажет.
Бойларыңызға сіңірген осы ізгі қасиеттер тек педагогикалық мамандықты таңдауға ғана емес, жалпы қазіргі қоғамда белсенді өмір сүру мектебі болып табылатындығы туралы айтты.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.М.Ғалымова «Сапалы маман дайындаудағы тәрбие жұмысының маңызы» тақырыбында презентациясын баяндады. Баяндамашы әр білім алушыға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы мен еркін, қабілетін ескере отырып, оларға ғылыми-теориялық мағлұмат берумен ғана шектелмей, теорияның тәжірибемен байланысына аса назар аударып, әлеуметтік ортада мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге үйрету, үлкенді сыйлауға, ата-ананы, ұстазды құрметтеуге, кішіге ізет көрсете білуге, ел жандылыққа, ұлттық мәдениетті, басқа ұлт өкілдерін құрметтей білуге баулу сабақ жүйесінде бастау алып, сабақтан тыс уақыттада жалғастырғанда ғана болатынын есте ұстағанымыз абзал. Осындай жүйелі тәрбие жұмыстары арқылы студенттеріміз облыстық, республикалық конкурстармен жобалардың жеңімпаздары.Колледжімізден түлеп ұшқан әрбір маман өзінің бойында кәсіби білім ғана емес, өмірлік тәрбиенің игергенін айтуға болады. Сапалы маман тәрбиелеуде аса жауапкершілікпен қарау, әрбір жақсы-жаман жақтарына сол білім алушы алдында, қоғам алдында асқан жауапкершілік жүгі ең бірінші колледж ұжымына беріледі. Сондықтан колледждің алдына қойған белгілі бір ережесі, дәстүрі, іс тәртібі, өзіндік нормасы болса, онда өмір эстетикасының дұрыс шешілетіні сөзсіз екендігін көрсетті.
Менің мінсіз ұстазым «Идеал мұғалімнің портреті» тақырыбында Шыңғырлау ЖОББМ оқушысы Ойратова Инабат, Орал қаласының №1 ЖОББМ оқушысы Кеншілік Арсен, Федоровка ЖОББМ оқушысы Қасымова Сымбат өз презентацияларын баяндады.
Ойратова Инабат идеал мұғалімнің портреті ретінде Шыңғырлау ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог-зерттеуші Айталипова Гульнара Жамангиреевнаның еңбек жолын зерттеп, ұстазының тәжірибесін болашақта үлгі ететіндігін мақтанышпен айтып өтті. Ол кісіні адами тұрғыдан ерекше тұлға, кәсіби тұрғыдан мықты маман деп танып, әр сабағы ашық сабақ, әр баланы жеке танып, жаңа білім беруден еш жалықпайды. Әріптестерінің арасында жоғары беделге ие ұстаздардың бірі де бірегейі деп таныстырып өтті.
Кеншілік Арсен №1 ЖОББМ педсынып тыңдаушысы Ыбырай Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені,
мұғалім - мектептің жүрегі» деген сөзімен бастаған болатын. Ұстаз қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін, аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - Ұстаз. Ол - менің мінсіз, жаныма жақын ұстазым деп Гүлнар Балмұханқызының тәжірибесімен таныстырды. Ол кісі маған бәрінен ақылды, бәрінен сұлу, бәрінен жақсы көрінеді. Ұстазым мен үшін, бір дара тұлға, екінші анам. Ол кісінің ғибрат алар әрбір сөзі, кескін - келбеті, бәрі - бәрі мен үшін – үлгі, өнеге. Гүлнар Балмұханқызы әрқашан өз шәкірттерінің бойындағы адами қасиеттерін ашуға көп еңбек етіп келеді, әр баланы өз баласындай көреді, білмегенімізді үйретіп, білгенімізді шыңдай түседі. Ол кісінің сабағы біз үшін қызықты да, сапалы деп ерекше атады.
Федоровка ЖОББМ педсынып тыңдаушысы Қасымова Сымбат Федоровка ЖОББМ ағылшын және неміс тілінің мұғалімі, жоғары санатты, педагог зерттеуші Брекеева Асель Сабитовнаны идеал мұғалім ретінде зерттеп, тәжірибесімен таныстырды. Сымбат өзінің сүйікті ұстазы сияқты болашақта ағылшын тілінің мұғалімі мамандығын таңдайтындығын айтты.
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Л.С.Есенова «Болашақ педагогтың EQ-ін қалыптастыру» тақырыбында презентация жасады. Тыңдаушыларға эмоция мен эмоцианалды интеллект туралы мәліметтер беріп, әр адамның өз эмоциясын басқару жолдарын көрсетті.
Колледж психологы Н.Х.Құрманғалиева «Әлемдік тенденция: педагогикалық мамандық » тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында педагогикалық мамандықтың артықшылықтарын айтып қана қоймай, «Мінезіміздің жарқын тұстары» атты психологиялық тест өткізді. Тыңдаушылар тренингке белсенді қатысып, өз қызығушылықтарын танытты.
Семинардың қорытындысында педсынып оқушылары семинардан үлкен әсер алғандығын және өздерінің болашақта таңдап отырған педагогикалық мамандықтың «зияткерлік мамандық» екендігіне көз жеткізгендіктерін айтып өтті. Сонымен қатар педсынып оқытушылары өздеріне үлкен әдістемелік көмек алғандықтарын, ризашылықтарын білдірді.