2021 жылдың 8 сәуір күні музыка кафедрасының онкүндігі аясында кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Музыка сабағында жаңа компьютерлік бағдарламаларды қолдану» тақырыбында облыстық семинар-шеберлік сыныбы өткізілді.
Семинар-шеберлік сыныбына музыка оқытушыларына жаңа компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсету, түсіндіру мақсаты қойылса, оқытушылардың кәсіби шеберліктерін арттыру және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жаңа технологиялар арқылы ояту сынды міндеттер қойылды.
Кафедраның жоғары санатты оқытушысы Бақытжан Нағымұлы Бакимов алғы сөзбен бастап, семинарды жүргізді.
Алғаш боп кафедра оқытушысы, магистр Габбасова Мейрамгүл Тулеугалиевна «Қашықтан оқыту жағдайында Camtasia бағдарламасының мүмкіндіктері» атты бағдарламасын көрсетті.
Одан кейін Б.Н.Бакимов «Sibelius ноталық редакторы» жайында әңгімелесе, келесі кезекте жоғары санатты оқытушысы Кожевников Валерий Анатольевич «Программы PhotoScore и MuzeScore для распознания и написания нотного текста для музыкантов» тақырыбындағы бағдарламаларымен жұмыс жасау жайында түсіндірсе, семинарды кафедрамыздың тағы да жоғары санатты оқытушысы Ескайров Қанат Амангелдіұлы «Bandicam бағдарламасымен бейнесабақ түсіру» тақырыбындағы өз тәжірибесімен бөлісумен тәмамдады.
Шараға - БҚО әкімдігі білім басқармасының Жаңақала ауданы білім беру бөлімінің «Қали Жантілеуов атындағы музыка мектебі» МКҚК, БҚО әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Балалар музыка мектебі» МКҚК, БҚО әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Казталов балалар музыка мектебі» МКҚК және БҚО әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің «Жалпақтал балалар өнер мектебі» МКҚК-ның басшылары мен оқытушылары қатысты.
Аталған өнер мектептеріндегі әріптестеріміз ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да әдістемелік, шығармашылық тығыз қарым-қатынаста болып, тәжірибе алмасып тұруға ниеттерін білдірді. Семинар өз мақсатына жетті.