Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 8 сәуір күні Орал қаласының №30, 34, 40 ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Бұл шара жоспарында директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары М.С.Мукашев алғы сөз сөйлеп, колледж базасына бейне экскурсия жүргізді. Одан әрі ағылшын кафедрасының оқытушысы Ж.Ғилаж талапкерлерге арналған «Zhahansha book» ақпараттық нұсқаулығымен таныстырып, колледжде дайындалатын мамандықтармен, оған түсу үшін тапсыратын емтихан түрлерімен, талапкер тапсыратын құжаттар туралы ақпарат берді. Мектеп оқушылары өз ойларын, сұрақтарын чатқа жазып, оған жауап алды.