9 сәуір күні «Қоғамдық пәндер және жаратылыстану» кафедрасы Теректі ауданының Федоровка, Чапаев, Госплемстанция, Ұзынкөл, Абай, Ы.Алтынсарин, Х.Есенжанов атындағы ЖОББ мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Шараны кафедра оқытушысы Б.К.Сапиев алғы сөзбен ашты. Онлайн шараға аудан мектерінің 100–ден астам оқушылары қатысып, колледжде дайындалатын мамандықтар туралы ақпарат таралып, өз сұрақтарын қойды. «Қоғамдық пәндер және жаратылыстану» кафедрасының меңгерушісі А.Т.Зайнуллина мектеп оқушыларына колледждің материалды – техникалық базасы мен тарихы таныстырымын ұсынды.