Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстатар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Саналы да, білімді ұрпақ қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы.
Ата бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ана өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса, еліміздің болашағы да зор болмақ. Ең бастысы – бала ата-ананың оқудағы жетістіктеріне қызығушылықтарын сезінуі керек. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса ғана жемісті болатынын ескере отырып, сәуір айының 11 жұлдызында сағат 15.00-де 3аКШФ-9 тобына «ZOOM» платформасында ата-аналар жиналысы өткізілді (21 ата-ана қатысты). Күн тәртібінде қашықтан оқыту жағдайында студенттердің оқу үлгерімі, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, ағымдағы емтихан жұмыстары. Топ жетекшісі А.Муратбекова ата-аналарға 6 семестрдегі білім алушылардың әр пәннен сабақ үлгерімін көрсете отырып,қатаң қадағалауды ескертті. Сонымен қатар топ жетекшісі қашықтан оқыту жағдайында топ студенттерінің бос уақытын өткізуі, құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөнінде бейнеролик көрсетті. Өз кезегінде сөз алған бөлім меңгерушісі А.К.Мухсинова қашықтан оқыту жағдайындағы студенттердің үлгерімі, сынақ, бақылау, емтихан жұмыстары жөнінде түсіндіріп айтып өтті. Ата-аналар кері байланыс бөлімінде өз сұрақтарымен бөлісті.
Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу жоспарын іске асыруда білім ордасы да ең басты одақтасы бола алады. Білім ордасы мен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен үйлесімділік орнамақ.