Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, «Музыка» кафедрасының онкүндігі аясында кафедраның жоғары санатты оқытушылары А.К.Утебаева, А.А.Батырханова, Н.М.Нурушева, В.А.Кожевников және кафедра меңгерушісі Ж.А.Нургалиеваның ұйымдастыруымен «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша «Заманауи технологияларды оқу үрдісінде қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында zoom платформасы арқылы халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізілді.
Конференцияның ашылуы мен пленарлық отырысында директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Мұхтар Зинур Гафурұлы сөз сөйлеп, одан әрі кафедраның жоғары санатты оқытушысы А.А.Батырханова конференцияны жүргізіп отырды.
Аталған конференцияға Татарстан республикасы, Ғ.Тоқай атындағы Арск педагогикалық колледжі, Семей қаласы, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі,Қарағанды гуманитарлық колледжі ҚМҚК, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Ақтөбе гуманитарлық колледжі, Ж.Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Қызылорда облысының білім басқармасының М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі оқытушылары қатысты.
Конференция үш секциядан тұрды:
1 Секция «Түрлі платформа қолдану арқылы видеоконтент жасақтау»
2 Секция Арнайы пәндерді (жеке музыкалық сабақ) кәсіби педагогикалық бағытта оқыту.
3 Секция «Педагогикалық оқыту практикасының тиімді формалары»
Әр секция бойынша оқытушылар өз баяндамаларын оқып, практикалық түрде музыка сабақтарында қолданып жүрген түрлі бағдарламалары мен сабақ берудегі жаңаша әдіс –тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Оқытушылар бөліскен «PhotoScore және MuseScore», «Camtasia», «Bandicam», «Draw Shar Collaborate», «Sibelius», «Whiteboard» интерактивті экраны т.б. секілді компьютерлік бағдарламалары қашықтан оқыту жағдайында музыка сабақтарын жаңаша жасақтауда тамаша мүмкіндік.
Конференция соңында сөз алған колледжіміздің «Білім» бейіні ОӘБ төрағасының орынбасары Нурашева Гульнар Сырымқызы қатысушы әріптестерге колледж атынан алғысын білдіріп, қашықтан оқыту жағдайындағы оқытушылардың бөліскен түрлі бағдарламалары мен іс тәжірибелерін жоғары бағалады. Конференция қорытындысы ретінде жіберілген барлық мақалалар конференция жинағына енгізіледі.