Сәуір айының 2-сі күні Музыка кафедрасының он күндігі жоспарына сай кафедра жанынан құрылған "Гармония" эстетикалық клубының "Балақан" театры оқытушылардың қатысуымен 1 курс студенттеріне арналған "Жеті лақ" музыкалық ертегісін қойды.
Мақсаты: білім алушыларды достыққа, татулыққа шақыру;
Жақсы мен жаманның аражігін ажыратып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Ертегі мазмұнына сай зал әсем безендірілген. Жеті лақ музыкалық ертегісінің мұндағы ерекшелігі сценарий заманауи бағытта өзгертіліп, онда қазіргі заманғы терминдерді қолданған. Ертегі басы ертекші әженің әңгімесімен басталып, соңында өтірік айтып, қулық жасап, сенгіш лақтырды алдаған қасқыр өз қатесін түсініп, ешкі мен оның лақтарынан кешірім сұрайды. Қателеспейтін жан болмайтынын түсіндірген ешкі, көрермендерді кешірімді болуға, достыққа, ынтымақтастыққа шақырады. Ертегіге қатысқан әр оқытушы өз рөлдерін шебер сомдап, көрерменнің ықыласына бөленді.