Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 2 сәуір күні Жәнібек ауданының Т.Жароков, Ғ.Қараш, Ө.Сахипов, Х.Халиулин, М.Б.Ықсанов атындағы ЖОББМ-не және №1 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
«Технология және бейнелеу өнер» кафедрасының меңгерушісі Н.А.Хамзин алғы сөзінде педагогикалық мамандықтың қазіргі таңдағы басымдылықтары мен артықшылықтарын, қоғамдағы алып отырған орны және мемлекетіміздің педагогикалық мамандыққа жасап отырған қолдаулары туралы айтты. Сонымен қатар мектепті бітірейін деп отырған түлектердің алдында тұрған мамандықты таңдауға байланысты шешімдерінің оң болуы өмірде маңызды екендігін сөз етті.
Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекет. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттері мен ұштастырып, нарықтық экономика жағдайындағы роліне сай саналы таңдалынып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары М.С.Мукашев шараға қатысқан оқушыларға мамандық таңдаудың жауапты іс екенін айтып, алдағы сынақтардан сүрінбей өтулеріне тілек білдіріп, «ZHAHANSHA BOOK» жол сілтеуші нұсқаулықпен таныстырды. «Технология және бейнелеу өнер» кафедрасының оқытушысы Ж.Ж.Жонкарбаева оқушыларға мамандықтардың түрлерімен таныстырып, сынақ емтихандары, құжат қабылдау тәртібімен таныстырып өтті.