2021 жылдың 29 наурыз күні студенттер үйінің турғындарына «Өзіңе деген махаббат, өмірге деген махаббат» атты психологиялық тренинг өткізiлді.
Тренингтің негізгі мақсаты- білім алушыларға өзіне деген махаббаттың жалпы құндылықтары арқылы адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өз бетінше ізденіп, түйін жасауға және сөйлеу, ойлау әрекеттерін дамыта отырып, шығармашылық тұлға ретінде дамуына ықпал ету болды.
Тренинг барысында студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу жайы қарастырылды.