Колледжімізде «Елбасы медалі» иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Айта кетейік Жаһаншалық қос бірдей ару: 2аКШО-11 тобының студенті Губашева Лаура және 2пКШО-11 тобының студенті Маратова Надежда «Елбасы медалі» жобасының ҚОЛА жүлдегерлері атанды. Марапаттау рәсіміне ұстаздар ұжымы мен студент жастар қатысты.
Шара барысында сөз алған колледж директорының міндетін атқарушы Мұхтар Зинур Ғафурұлы жүлдегерлерді құттықтап, жүлдені иегерлерге табыстады. Жүлдегерлер студент жастармен өздерінің жобаға қатысудағы тәжірибиесімен және қиындықтарды жеңудегі түрлі лайфхактарымен бөлісті. Бүгінгі шарадан кейін «Елбасы медалі» жобасына қатысушы жастарымыздың саны артып, шара әдемі әнмен қорытындыланды.
Бұл жобаға Жаһанша колледжі студенттерінен жалпы саны 30 студент қатысуға ниет білдірсе, оның ішінен 18-і тіркеуден өтті, ал 2 студентіміз қола медаль иегері атанды, сонымен қатар 4 студентіміз соңғы деңгейдегі тапсырмаларды орындау үстінде. Барша қатысушы жастарға сәттілік тілейміз!
Шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Талаптарыңызға нұр жаусын! Жарқын келешек тілейміз!