Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де, ұлы тәрбие құралы-кітап. Кітап- адамның зияткерлік дамуының негізгі құрамдас бөлігі. Мазмұнының толықтылығы мен тиімділігі бойынша басқа ақпарат көздерімен салыстырғанда артықшылығы бар екені бәрімізге белгілі.
25 наурыз күні колледжімізде BRT әдеби-танымдық клубының ашылу салтанаты өтті. BRT- Books & Reading &Talks атты клубымыз студенттеріміздің оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға, оқуды насихаттауға бағытталған бірден- бір жоба болмақ.
Салтанатты шарамызды ашу рәсімі «Бейнелеу өнері және оқыту әдістемесі» оқулығының авторы, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.С. Мұқашевқа табысталды.
Сонымен бірге, шара барысында клуб мүшелері студенттерге тез әрі жылдам қол жетімді сайттардың таныстырылым ұсынып және студенттер үшін жасалған демалыс алаңындағы және электрондық кітапхана сөресіндегі кітаптарды оқып, оқығандарын бөлісуге шақырды. Көрмеге рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберіндегі 100 жаңа оқулықтар қойылып, оқуға ұсынылды. Клубтың жоспарына сай колледж оқытушылары мен студенттері «Сүйікті кітабыңмен бөліс!» атты Bookcrossinc-ке қатысып, өздерінің сүйікті кітаптарын клуб қорына тапсыру арқылы оқыған кітаптарын бөлісуге мүмкіндік жасауда.