Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогика және психология кафедрасының бүгін жоспар бойынша "Жаңартылған білім беру мазмұны" тақырыбында Кембридж Халықаралық емтихандар кеңесінің сертификатталған тренері, педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалының тренері Бауыржан Дильманов Дильмановичмен кездесу сағаты ұйымдастырылды.
Қатысушылар өздерін ойландырған сұрақтарға толық жауап алды деуге болады. Себебі, спикер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша теория мен тәжірибені ұштастырып, басты құндылықтарға баса аударып, ұтымды түсінік берді.
Кездесу ерекше өтті, олай өтуі тренердің әр адамға жеке қатынас жасап, диалог арқылы да жүргізуі деп білемін.
Сабақ беруде белсенді әдістерді қалай қолдану керектігіне де баа назар аудартты.
Өзім білемге салынбай, өмір бойы оқитын қағиданы ұстанудың мәнін ұғынуға әсер етті.
Осылай, әлеуметтік желіде біздің жаңалықтарымызбен таныс достар онкүндік шаралары мәресіне жақындап келеді.