18-наурыз күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасы Наурыз мерекесіне орай оқытушылар мен студенттерге «Ұлттық тағамдарды тану» танымдық викторинасын ұйымдастырды.
Мақсаты: студенттерді Наурыз мейрамымен таныстыра отырып, олардың бойына қазақ халқының салт – дәстүрлерін қалыптастыру. Викторина барысында шашу ретінде қонаққа әжелер тәтті тағамдарымен келді, ал студенттер қатысушылар мен қонақтарға арнап би, ән дайындады. Шара «көрші ауылдарға» саяхат жасау түрінде өтті. Әрбір ауылдарға барған сайын қатысушылар тапсырмалар орындады. Тапсырмаларда қазақ халқының сүт, ет, үн тағамдары туралы білімдерін көрсетті. Саяхаттың аяғында қатысушылар «үлкен кісілерден» бата алып, «Наурыз, Наурыз» әнімен қорытындылады.