Наурыз - табиғаттың жаңару күні. Бұл біздің халқымыз үшін айрықша мереке және осы мерекеге байланысты көптеген салт-дәстүр қалыптасқан. Бүгінгі күні бұл мереке көп ұлтты Қазақстандағы барлық халықтарға бірдей қымбат.
18 - наурыз күні Студенттер үйінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен ежелгі дәстүрлерді көрсете отыра “Күлімде Наурыз, Күлімде!” тақырыбында мерекелік шара өтті.
Тұрғындар жыл басы туралы қойылым сахналап, дәстүрлі қазақ билері, әндері көрермендердің көңілін көтерді. Қуанышты көңіл-күй ешкімді бей-жай қалдырмады, мерекеге қатысқан әрбір қатысушының көктем рухын оятты.