Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары колледжде наурыз мерекесіне жоспарланған мерекелік шаралар шеруі аясында «Игі істер күніне» орай «ЫНТЫМАҚ» еріктілер ұйымы қаламыздың жалғыз басты тұрғындары Шин Тамара және Корчагина Антонина әжейлерімізге мекен-жайлық көмек көрсетті.
Халқымыз қашанда ақсақалын ардақтап, үлкен іс бастарда сол кісілерден бата алған. Міне, біздің де негізгі мақсатымыз – үлкендерге құрмет көрсету.