Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып жатырған шаралар аясында жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы меңгерушісі А.Зайнуллинаның ұйымдастыруымен бүгін тәрбиелік мәні зор шаралар оздырылды.
Атап айтсақ 1 аКШО- 11 тобында, жетекшісі Б.К.Сапиев "Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тарих пәнінің оқытушысы С.К.Бисенованың ұйымдастыруымен Тарихқа тағзым күніне арналған "Тәуелсіздікті ту еткен Әз Наурыз" атты тағылымы мол кеш өтті. Бұл шараларда студенттер мен оқытушылар аса белсенділік танытып, бірлесе жүріп қызықты да, жоғары деңгейде өтуіне ерекше ықылас танытты. Наурызға байланысты қазақ халқының ырым-жоралғылары мен салт-дәстүрлерімізден көріністер, қойылымдар қойылды. Қазақ мемлекетінің терең тарихына бойлау жасалып, бейнефильмдер мен әсем ән-күй және билермен тамаша өрнектелді. Тәрбиелік шараларда 1аКШО-11 және 2аКШО-9 топ студенттерінің белсенділігіне көрермендер риза болды. Шаралар соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ғалымова мен кафедра меңгерушісі А.Зайнуллина құттықтау сөздерін арнап, алғыстарын білдірді.