«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Жоба 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.
Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Жобаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
Біздің ұстаздық жүрегіміздің де тілейтіні осы емеспе! Жаһаншалық қос бірдей ару: 2аКШО-11 тобының студенті Губашева Лаура және 2пКШО-11 тобының студенті Маратова Надежда «Елбасы медалі» жобасының ҚОЛА жүлдегерлері атанды.
Айта кетейік: «Елбасы медалінің иегерлері білім гранттарын тағайындау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен артықшылыққа ие болады» жобаның шартында осылай делінген.
Шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Талаптарыңызға нұр жаусын! Жарқын келешек тілейміз!