Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 12.03.2021 күні бітіруші 14 топтың студенттерімен диплом алды практикасының қорытынды конференциясы ZOOM платформасында екі кезеңде өтті.
Конференция барысында әр топ студенттері диплом алды практикасынан офлайн түрінде Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығынан, Ресей Федерациясынан, БҚО аудан, қала білім беру ұйымдарында дипломалды практикасының офлайн түрінде өтіп, нәтижесі туралы есеп берді. Практика кезіңде студенттер оқу-тәрбие жұмыстарында өздерінің оқу жұмыстарын көрсете білді. Өздерін мұғалім ретінде, еркін сезініп, жауапкершілікпен меңгерген теориялық және практикалық біліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Сабақты түрлендіріп, жаңа технология элементтерін пайдалана өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, студенттердің сабақтарын тиімді жүргізуіне мүмкіндік берді. Студенттер практика барысында оқушылардың өз беттерімен аша алмайтын тақырыптарды топтық, жұптық жұмыс тәсілдерін пайдалану арқылы кездескен қиындықтарын шеше білген. Сыныптағы тұйық немесе үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа белсенділігін, үлгерім көрсеткішін көтеру мақсатында жекеленген сабақтар ұйымдастырған. Сабақты жоспарлауда және өткізу барысында түрлі цифрлық платформаларды, ресурстарды кеңінен пайдаланып,нәтижеге қол жеткізген. Студенттердің қорытынды есептерінен педагогикалық мамандықтың мазмұнын толық меңгеріп, болашақ мұғалімге қажетті құзыреттіліктерді жетік білгендері байқалды.