Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 11ақпан күні Орал қаласының №12, 13, 16 ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі.
Колледж оқытушылары №12, 13, 16 жалпы орта білім беретін мектептерінің 9, 11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, колледж мамандықтарымен таныстырды. ZOOM платформасы арқылы оқушылар өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жалпы колледж мамандықтары, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейлері, оқу ақысына қатысты көп мәліметтер алды.