05.03.2021 жылы «Математика, физика және информатика» кафедрасының оқытушылары Казталов ауданының «Казталов мектеп лицейі», «Тереңкөл», «Бірік», «Богатырев», «Қайынды» ЖОББМ-де ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізді.
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Колледждің жетістіктері мен мамандықтары, базасы туралы презентация көрсетіліп, баяндалды. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алды. Мамандық бойынша қойылатын талаптармен таныстырылды. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер берілді. Шараға қатысушы мектеп әкімшіліктері өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта одан әрі осы мәселе бойынша бірігіп жұмыстанатындарын білдірді.