Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады және тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.
Өзіңді тану – ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді - өзің талқыға салып,
Адал менен жаманды тану.
1-наурыз күні апталықтың ашылуы zoom платформасында онлайн түрде жүзеге асты. Апталық барысында 1аКШО-11тобымен кураторы Сапиев Біржан Каримович «Алтын жүректі Ана» тақырыбында студенттері мен аналар арасында дөңгелек үстел өткізді және «Мейірімділік - жүректе» суреттер көрмесі, «Сүйіспеншілікпен мейірімділік» эсселер байқауы 1 курс студенттер арасында оздырылды.
«Өзін-өзі тану» пәні мамандығын бітірген колледж түлектерімен бірлескен «Өзін -өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциясы» тақырыбында семинар барысында география,биология және химия сабақтарында пәнді өзін-өзі танумен ықпалдастыру тақырыбында кафедра оқытушылары Молдағалиева Жеңісгул Ермековна, Сапиев Біржан Каримович, Мухсинова Ақбота Қайратовна, Зайнуллина Анаргул Талгатовна өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
«Рухани тәрбие – адамгершілік бастауы» кураторлармен вебинар ұйымдастырылып өзін-өзі тану сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдерді Қошанова Зауреш Аманқосовна бөліссе, тыныштық сәтті мен музыканы сабақта қолдану тәжірибесімен Молдағалиева Жеңісгул Ермековна бөлісе отырып, жалпы құндылықтарды тәрбие сағаттарында қолдану туралы пікір алмасты.
Құрманғалиева Назерке Хамитқызы «Келеңсіз жағдайлардың алдын – алу және проблемасыз мүмкіндік» тақырыбында 1 студенттерге арналған тренинг өткізді.
5 наурыз күні «Айналаға шұғылалы нұр сепкен...» тақырыбында ардагер ұстаз Нұғманов Максим Қапаұлымен кездесу ұйымдастырылды. Ардагер ұстаз студенттерге өзінің ұстаздық қызметі, мұғалім мамандығының қызығы мен қиындығымен бөлісе отырып, студенттер сұрақтарына жауап беріп, қызықты да әсерлі сұхбат өтті.