04.03.2021 ж 1асКДО-9 студенттерімен колледж психологы Назерке Хамитқызы «КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАСЫЗ МҮМКІНДІК» атты психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: Кикілжіңнің туындау себептері, оның адам денсаулығына әсері, жүйкеге әсер ететін жағдайлардың алдын алу туралы оқушылардың білімдерін тереңдету; Оқушыларды ситуациялық жағдайларды талдау арқылы саналы шешім қабылдауға үйрету; Салауатты өмір сүруге, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, айналасындағы адамдармен жақсы қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.
Тренинг барысында студенттерге тақырыпқа сай ұйымдастыру кезеңінде бейнеролик көрсетілді, келесі «миға шабуыл» әдісі арқылы студенттердің ақпараттық танымдық сауаттылығын арттыруға арналған сұрақтар қойылды. Келесі бөлімде ситуациялық жағдайлар,рөлдік ойындар,жаттығулар өткізілді. Студенттер әр ойын-жаттығуға белсене қатысып, ой-пікілерімен ашық бөлісті. Тренинг соңында қатысушыларға рефлексиялық сұрақтар ұсынылып, жағымды пікірлермен қорытындыланды.