Көктемнің шырайлы да шұғылалы мерекесі қарсаңында Студенттер үйінің жігіттері мен тәрбиешілері “8-наурыз халықаралық әйелдер күні” мерекесіне орай “ Ана деген тіршіліктің тірегі” тақырыбында керемет мерекелік кеш ұйымдастырды.
Студенттер үйінің ер балдары қыздарға арнап ән, би арнап және жайдарманшыларымыз қызықты әзілдерге толы көңіл күй сыйлады. Ару қыздарымыздың барлығы өзіне деген ілтипат пен қамқорлықты, құрмет пен сыйластықты сезініп, бұл мерекеден ерекше серігіп, бір демалып қалды.