Бүгін студенттер үйінде БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Кибат Джамелевна Ахметкалиева «Өзіңізді туберкулезден қорғаңыз» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.
Маман студенттерге туберкулездің симптомдары, себептері және аурудың алдын-алу жолдары жайлы ақпарат беріп, нәтижесінде студенттер арасында «Туберкулез жайлы не білесіз?» атты сұрақ-жауап жүргізді. Осы инфекцияның әртүрлі формалары, басқа ішкі ағзаларды бұзуы, өту себептері, аурудың алғашқы кезеңіндегі емдеу, аурудың алдын- алу, салауатты өмір салтын жүргізу, жеке гигиена және тамақтану режимі жайлы ақпараттар жеткізді.