Бүгін барша адамның бір-біріне ризашылық білдіріп, құрмет пен мейірімділік шуағын шашатын ерекше күн. Жаһаншалықтар бұл күнде жыл сайын өз алғыстарын оқу ордамыздың адал күш-жігерімен қызмет ететін тазалықтың жанашырларына білдіреді.
Бүгінде Студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері колледжіміздің кіші қызметкерлеріне "Алғысым шексіз" ризашылық шарасын өткізді. Шара барысында директордың орынбасарлары және кәсіподақ төрайымы А.С.Бекбулатова алғыстарын арнап, студенттеріміз көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.