Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Осыған орай Студенттер үйінің кіші қызметкерлеріне 1- наурыз күні «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Студенттер үйінің барша кіші қызметкерлеріне алғысымызды айта отырып, құрметтеп, жатақхана студенттері шағын мерекелік көңіл күй сыйлады.