Алғыс айту күні ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, біздің ортақ тарихымызды қастерлейтін, өзара көмек және қолдау көрсету күні.
26 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен колледж студенттері арасында «Алғыс жүректен шығады» онлайн кездесу өтті.Кездесудің мақсаты Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, жас ұрпаққа өткенді ұғындырып, атаулы күннің мән-мазмұнын түсіндіру, алғыс күніне орай қазақ ұлтына алғыс айтылып, түрлі ұлттар арасында сыйластық пен татулықты бекіту.